Елімізге Ресейдің 18,6 мың кәсіпорны қоныс аударған
Екінші орында түрік кәсіпкерлері тұр...
Қазақстандағы әрбір екінші шетелдік кәсіпорын Ресейден релокацияланған. Егер өткен жылы олардың саны 11,9 мың болса, бүгінде 18,6 мыңға жетті, деп хабарлады Finprom.
Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған шетелдік кәсіпорындардың 44,9%-ы – ресейлік. Екінші орында түрік кәсіпкерлері тұр. Тамыз айының соңында Түркиядан 3,7 мың заңды тұлға келген. Көшбасшылар үштігіне Өзбекстан да кіреді, оның резиденттерінде 2,7 мың компания бар.
Шетелдік инвесторлар өз қаражаттарын елдің негізгі салаларына, әсіресе тау-кен және өңдеу өнеркәсібі саласына салған. Шетелдік капиталды Түркия, Өзбекстан және Қытай көптеп салады. Сондай-ақ шикізат өңдеу саласында Ресей көш бастап тұр.
Соңғы жылдары Қазақстанда шетелдік инвесторлардың қатысуымен жұмыс істейтін заңды тұлғалардың саны 24,3% өсіп, 54,4 мың кәсіпорынға жетті. Алайда қазір олардың тек 41,4 мыңы ғана жарамды.
Бір жылда жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 10,3 мыңға өскен. Ал жаңадан келгендердің басым бөлігі, яғни 78%-ы – сауда, сервис, IT-кластер салаларының кәсіпкерлері, әкімшілік және көмекші қызмет көрсету саласындағы сарапшылар.
Экономиканың қалған секторларында да өсім бар, бірақ елеусіз ғана, - дейді сарапшылар.