Ақмола облысында 285 млн теңгенің жайылымдық жері қайтарылды

Динара Амантай

Аудан аумағында жайылымдық жерлердің тапшылығы 50% қысқарды

Фото: Halyq Uni

Бурабай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жергілікті фермердің ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдаланбау фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Талдау нәтижелері бойынша Ақмола облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Нәтижесінде мемлекетке ауданы 30 мың гектардан астам, кадастрлық құны 285 млн теңге болатын жайылымдар қайтарылды. Ол ұзақ уақыт бойы тікелей нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Осылайша, аудан аумағында жайылымдық жерлердің тапшылығы 50% қысқарды.