Halyq Uni логотип
×

«Үйінің жұмысын істетеді». Текеліде қызметкерлердің шағымынан соң шенеунік Антикордың назарына ілікті

Іс Текелі қаласы прокуратурасының бақылауында

 Халық үні 20.09.2023 | 07:38
«Үйінің жұмысын істетеді». Текеліде қызметкерлердің шағымынан соң шенеунік Антикордың назарына ілікті
көрнекі фото: Halyq Uni

Прокуратура жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысын лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптаған Еңбек биржасы қызметкерлерінің дәлелдерін тексеру үшін Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Текелі қаласының Еңбек биржасының қызметкерлері ТКШ бөлімінің басшысы Ғалым Қызылбаевты өздеріне қоқан-лоққы көрсетті, сондай-ақ үйінде жұмыс істеуге мәжбүрледі деп айыптаған. Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Қоғамда туындаған резонанстан кейін облыстық прокуратура істі қолға алды.

«Бұл факт 2023 жылы 16 қыркүйекте Текелі қалалық прокуратурасында тіркелді және дәлелдер тексеру үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментіне жолданғанын хабарлаймыз. Оның нәтижелері бойынша тиісті құқықтық баға беріледі», -  делінген қадағалау органының Zakon.kz редакциясының сауалына берген жауабында.

Іс Текелі қаласы прокуратурасының бақылауында. Антикордың тергеу нәтижелері кейінірек белгілі болады.

Шенді өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, жала жабу фактісі бойынша сотқа жүгінбекші. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама