Halyq Uni логотип
×

Оралда ірі көлемде пара алды деп ұсталған құрылыс бөлімінің басшысына қатысты іс сотқа жетті

Шенеунік былтыр қазан айында ұсталды

 Халық үні 13.05.2022 | 12:36
Оралда ірі көлемде пара алды деп ұсталған құрылыс бөлімінің басшысына қатысты іс сотқа жетті
Орал қаласы әкімдігі, фото: uralskweek.kz

Оралда аса ірі көлемде пара алды деп ұсталған қалалық құрылыс бөлімінің басшысына қатысты іс сотқа жетті.

ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы («Аса ірі мөлшерде пара алу») бойынша Арман Өксікбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жетті. Бұл ақпаратты облыстық соттың баспасөз қызметі растады. Баспасөз қызметі сот отырысы қай күні өтетіні және қай судья қарайтыны жайлы әзірге ақпарат бермеді.

Орал құрылыс бөлімінің басшысы Арман Өксікбаев былтыр 13 қазанында ұсталды. Ол ЖШС директорымен келісілген 170 миллион теңге параның 134 миллион теңгесін алды деген күдікке ілінді. Шенеунік ұсталған кездегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі таратқан ақпаратта, Өксікбаев Орал қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2,2 миллиард теңгеге екі тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қоюға жәрдемдесуге уәде бергені айтылды.

Нұрлыбек Рахман, Батыс Қазақстан облысы

Серіктес жаңалықтары

Сараптама