20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды
Еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 20 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Республикамыздың батыс аймақтарына антициклон ықпалының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал еліміздің басқа аймақтарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен найзағай болады, еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша екпінді жел, тұман, түнде еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Алматы облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі.