×

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы қақтығыс: ІІМ ақпаратқа қатысты түсінік берді

Кадр сыртындағы дауыстың айтуынша, қақтығыс Қостанай облысында болған

 Халық үні 19.09.2023 | 22:04
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс түсірілген видео тарады. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлады stopfake.kz.

Таралған видеода әскери киімдегі адамдар және әскери техника көрсетілген. Ал кадр сыртындағы дауыстың айтуынша, қақтығыс Қостанай облысында болған, қазір онда техника тартылып жатыр. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, мұның бәрі жалған.

«ҚР ІІМ Қостанай облысындағы шекарадағы арандату туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және жалған екенін хабарлайды. Видеода биыл 8 қыркүйекте Қостанай қаласының аумағында өткен жоспарлы далалық сабақтарға бара жатқан ҚР ІІМ Ұлттық ұлан автокөлігінің колоннасы көрсетілген. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама