×

Түркияға бет алған ұшақ бортында 17 жастағы қыз қайтыс болды

 Халық үні 19.09.2023 | 20:33
Фото: baq.kz

Ресейден Түркияға бағыт алған ұшақ Орал әуежайына қонуға мәжбүр болды. Себебі борттағы 17 жастағы қыздың танысы тарылып, есінен танып қалған. Экипаж мүшелері жедел жақын жердегі әуежайға қонғанымен, жолаушының өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Әуе кемесі Қазан қаласынан Антальяға бет алған. Жолаушылар арасында екі дәрігер болған. Олар бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Бірақ 17 жастағы қыз есін жимастан көз жұмды.

Оралдағы әуежайдан күтіп алған жедел жәрдем қызметкерлері жолаушының ұшақ бортында көз жұмғанын айтады. Марқұм анасы және әжесімен Түркияға демалысқа ұшып бара жатқан. Өзі кішкентайынан сырқат екен.

Қыздың сүйегі сараптамаға жіберілді. Ал ұшақтағы қайғылы жағдайға байланысты жолынан қалған өзге жолаушылар тек төрт сағаттан соң сапарын жалғастырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама