Halyq Uni логотип
×

XIX Азия ойындары: Қазақстан спорттың 30 түрінен 305 жүлдені сарапқа салады

Биылғы Азиадада 61 дициплина бойынша 481 медаль жиынтығы ойнатылады

 Дастан Жұмабекұлы 19.09.2023 | 17:42
XIX Азия ойындары: Қазақстан спорттың 30 түрінен 305 жүлдені сарапқа салады
Фото: sports.ru

Қазақстан спортшылары XIX Азия ойындарының бағдарламасына қосылған 40 спорт түрінің 30-нан бақ сынайтын болады. Отандық спортшылар 44 дисциплина бойынша 305 медаль үшін жарысқа шығады. Жалпы, биылғы Азиадада 61 дициплина бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Азия ойындарына 524 қазақстандық спортшы қатысады. Әрине, кейбір спорт түрлерінен басқа жарыстарға қарағанда медаль алу мүмкіндігіміз көп. Біз үшін спортшыларға барынша қолайлы жағдай туғызу маңызды. Ол үшін барлық қажетті жұмысты жасадық. Азиадада спорттың 8 түрінен: бокс, садақ ату, қазіргі бессайыс, жүзу, брейкинг, көгалдағы хоккей, теннис пен жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасына лицензия ойнатылады, – деді Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Қазақстандық спортшылар бокс, дзюдо, таэквондо, күрес, жеңіл атлетика, садақ ату, қазіргі бессайыс, брейкинг, бадминтон, триатлон, теннис, су спорты (жүзу және артистік жүзу), баскетбол, ескек есу спорты, велоспорт, семсерлесу, ауыр атлетика, гольф, гимнастика, гандбол, волейбол, құзға өрмелеу, ескек есу, регби-7, үстел теннисі, ату және хоккей сайыстарына қатысады. Сонымен қатар, отандық спортшылар 3 олимпиадалық емес спорт түрі: у–шу, жекпе-жек және интеллектуалды үстел ойындарында да жарысқа шығады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама