×

Ауылшаруашылық маманы Үкіметтің отставкаға кетуін талап етті

Қоғам белсендісі ескі үкіметпен Жаңа Қазақстан құру мүмкін еместігін айтады

 Дастан Жұмабекұлы 13.05.2022 | 11:51
коллаж: Halyq Uni

«Шопан-ата» агроқозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбаев Үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.

Ол ескі Үкіметпен Жаңа Қазақстанды құру мүмкін еместігін айтып, шаруалардың назарына оның себебін түсіндірді.

Қаралы қаңтар айынан өзгермек түгілі, әрекет жасамаған Үкімет бізге керек емес деген шешімге келдік, - деді ол әңгіменің басында.

Одан әрі қоғам белсендісі осы кезге дейін Үкіметтің ауыл шаруашылығы саласындағы кемшіліктеріне шыдап келгендерін, өйткені, елімізде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі үлкен проблемаға айнала бастағанын атап өтті. Осылай дей келіп, ол  байлардың және олигополияның мүддесін қорғап келе жатқан Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярмен және Ауылшаруашылығы министрі  Ербол Қарашөкеевпен әрі қарай бірігіп жұмыс істей алмайтынын айтты.

«Менің де жауап сұрайтын елім бар. Әрі қарай бірігіп жұмыс істей алмаспыз. Бүкіл өңірдегі шаруалар көтеріледі. Мәдениетті және ұйымдастырылған алаңдарда шарулармен кездесіп,  бірігіп жұмыс істеуге жарамаған Үкіметпен емес, енді ұйымдаспаған, улап-шулаған халықпен кездесуге тура келеді», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама