×

Жемқорлық күдігіне ілінген Бақытгүл Хаменова әлі жұмысынан босатылмаған - әкімдік

Атырау қалалық соты Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алды

 Халық үні 14.12.2021 | 10:41
Бақытгүл Хаменова, фото: sputnik.kz

Жемқорлық күдігіне ілінген Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова қызметінен босатылмайды. Үйқамаққа алынған шенеуніктің әріптестері құзырлы орындардан ресми қаулы келмейінше, оны жұмыстан шығара алмаймыз деп отыр. Бұл туралы КТК хабарлайды. 

Бүгін жұмыста жоқ. Ресми органдардан, соттан ешқандай қаулы келген жоқ. Егер сондай ресми құжат келсе, әкімдік тарапынан шешім қабылданады, - дейді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Қалымбай.

Өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысына қатысты тергеуді бастады.

Олар Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді.

12 желтоқсанда Атырау қалалық мамандандырылған тергеу соты күдіктінің жалғызбасты әйел екенін, Атырау қаласында тұрғылықты тұратынын, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, бұрын сотты болмағанын, кішкентай екі баласын жалғыз тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасының болуы, сот оған қатысты процестік заңнамада көзделген шектеулерді белгілей отырып, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау қажет екені туралы қорытындыға келгенін назарға алып, Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы шешім шығарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама