×

Өзбекстаннан Қостанай өңіріне көшіп келген қандастар ұлттық спортты қолға алды

Бұрын таза орыс мектебі болған бұл білім ошағындағы қазақ сыныптары қандастардың өтінішімен, белсенді жұмыс жүргізуі арқасында ашылған

 Дастан Жұмабекұлы 13.05.2022 | 11:30
фото: ашық дереккөз

Белгілі журналист Нәзира Жәрімбетова елімізге Өзбекстан Республикасынан көшіп келген қандастардың Қостанай өңірінде ұлттық ат спортын қолға алып, дамытып жатқанын хабарлады.

Ол сыртта жүрген ағайынның көші біраз жылдан бері Қостанай өңіріне келіп, ал Өзбекстаннан келген ағайындардың бір шоғыры Б. Майлин атындағы ауданға қарасты ауылдарды жайлап отырғанын айтты.

«Елге ел қосылса – құт» деген.  Қазір олар  Набережный селолық округіне қарасты Елизаветинка ауылы тұрғындарының басым көпшілігіне айналған. Осы ауылдағы жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ сыныптарының оқушылары негізінен Өзбекстаннан келген қандас ағайынның балалары. Айтпақшы, бұрын таза орыс мектебі болған бұл білім ошағындағы қазақ сыныптары қандастардың өтінішімен, белсенді жұмыс жүргізуі арқасында ашылған болатын.

Бейімбет Майлин – Би-ағаның жерлестері бұл өңірді ертеде Байшуақ деп атаған екен. Көктемде жер-көкті алып тасыған Әйеттің суы қайтқаннан кейін, белуардан шөп болатын жерді аталарымыз бекер Байшуақ атамаған екен. Шөбі шүйгін, суы мол өңірдің жері құнарлы, малға –да, жанға да қолайлы. Міне, осы жерде қазір Өзбекстаннан келген ағайын төрт түлігін өсіріп отыр, - деді ол.

Одан кейін Н.Жәрімбетова осы ауылға қандас ағайындардың ұлттық ат спортын ала келгенін, қазір тұрғындардың арасындағы өзге ұлт өкілдерінің өзі оған қызығушылық білдіріп жатқанын айтты.

Набережный селолық округінің әкімі Талғат Түйтебаевтың айтуынша, тұрғындардың көпшілігі өзге ұлт өкілдері болғандықтан бұрын бұл ауыл ұлттық ат спорты дегеніңді білмейтін еді. Қазір Өзбекстаннан келген ағайындардың тікелей бастамасымен ауылда жыл сайын бәйге, көкпар, қыз қуу өткізіледі. Алғашқыда жарыстар өз ауылында ғана болған. Соңғы жылдары бәйгеге қатысу үшін сырттан да атбегілер келеді. Ауылдастар қазақ болу жылқыдан, ұлттық ат спортынан басталатынын осы қандас ағайындардың ісінен біліп жатыр, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Әлем чемпионы атағы үшін айқасқан Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

12 раундқа есептелген жекпе-жек Тұраровтың жеңісімен аяқталды
21.03.2023 | 21:58

22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды
21.03.2023 | 20:45

Абай облысында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды
21.03.2023 | 19:50

Маңғыстау облысында 12 ауыл ауыз сумен қамтылды

Өңірде су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр
21.03.2023 | 17:35