×

Бокстан әлем чемпионаты: Назым Қызайбай жарыс жолынан шықты (ВИДЕО)

Әрине, бірінші кездесуде осылай жеңілгеніме өкінемін

 

 Дастан Жұмабекұлы 13.05.2022 | 09:44
фото: ашық дереккөз

Түркияның Стамбул қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен төрт спортшының біреуі ғана жеңіске жетіп, үшеуі ұтылды.

Бұл жолы екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (50 келі) да Ангелина Лукастың жолын қайталап, жарыстан шығып қалды. Ол колумбиялық Ингрит Валенсидан ұтылды.

Ол жеңілісін Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің Instagram-дағы парақшасында былайша түсіндірді:

«Бірінші кездесу болған соң қиын болды. Бірінші раундта қарсыласым көп шабуыл жасады. Ал екінші, үшінші раундтарда мен көп соққы жасаған сияқты едім. Маған солай көрінді. Қарсыласым тәжірбиелі қыз. Ол - Олимпиаданың қола жүлдегері. Жалпы, мен жаман бокстасқан жоқпын. Жеңілдім деп ойламаймын. Әрине, жеңуге болатын еді. Алайда, төрешілер бармақ басты, көз қыстымен жеңісті қарсыласыма беріп жіберді. Бұл да маңдайыма жазылған тағдыр шығар. Осы додаға көп дайындалып едік. Әрине, бірінші кездесуде осылай жеңілгеніме өкінемін. «Өткенге өкінбе», деген. Енді әрі қарай жаттығып, жарыстарға дайындаламын», - деді ол.

Қызайбайдан кейін тағы бір үміт артқан екі қызымыз қарсыластарына есе жіберді.  60 келідегі Азия чемпионы Римма Волосенко ағылшын Шона Уитуэллден жеңілсе, 66 келіде қолғап түйістірген Олимпиада ойындарының жүлдегері Дариға Шәкімова өзбек боксшысы Навбохор Хамидоваға шамасы жетпеді.

Осы жеңілістерден кейін 54 келіде шаршы алаңға шыққан  әлем чемпионы Дина Жоламан ғана үміт отын оятты. Ол испаниялық Марио Кондені ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.

Осылайша әлем чемпионатына келген 12 спортшымыздың бесеуі дүбірлі доданы уақытынан бұрын аяқталды.

Енді шаршы алаңға Гүлсая Ержан (81 келі) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) шығады. Олардың да қарсыластары оңай шағылатын жаңғақ емес.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Бензема жаңа клубты таңдады

«Әл-Иттихад» футболшыға 2 жылға келісімшарт ұсынып, 200 млн еуро санап береміз деп отыр
05.06.2023 | 17:23

Павлодар облысында алаяққа сенген зейнеткер 13 млн теңгесінен айырылды

Жыл басынан бері 9 павлодарлық осындай схема бойынша алданған
05.06.2023 | 16:55