311 мың адам ақталды
Қазақстанда 1929-1956 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты 2,4 миллионнан астам мұрағат карточкалары құпиясыздандырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бас прокуратураның мәліметінше, 251 мың арнайы қоныс аударылғандардың ісі Президент мұрағатына өткізілген. Кейін олар мүдделі тұлғаларға қолжетімді болады.
Сондай-ақ 265 мың іс жыл соңына дейін сонда өткізіледі. 311 мың адам мәжбүрлі, арнайы қоныс аударылғандар және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар қатарынан ақталды.