Осы мәселені оңтайлы шеше алмағаны үшін мектеп директорына сөгіс берілді
Түркістан облысы Аққұм ауылының мұғалімдері интернет іздеп, көрші ауылға сабылмайтын болды, деп хабарлайды qazaqstan.tv.
Өңірдегі білім сапасын бақылау департаментінің ұйғарымымен ұстаздар электронды форматта рәсімделетін құжаттарын енді қағазға толтырады. Мұндай өзгеріс мектепке жоғары жылдамдықты ғаламтор желісі тартылғанға дейін күшінде болады.
Сондай-ақ департамент тарапынан осы мәселені оңтайлы шеше алмағаны үшін мектеп директорына сөгіс берілді.