Ақтаудағы спортшы қыздың өлімі: бейнетіркегіштің жазбасы табылды

Халық үні

Адвокаттың қолында шілденің 1-нен 2-сіне қараған түні түсірілген марқұмның өліміне қатысты бейнетіркегіштің жазбасы бар.

Фото: lada.kz

Ақтаулық 21 жастағы спортшы Валерия Шалнованың өліміне оқиғаға қатысты тың мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды lada.kz.

Зардап шеккен тараптың адвокаты Ажар Әбділ ақтаулық спортшы Валерия Шалнованың өліміне қатысты мән-жайды Facebook-тегі парақшасында жазды.

Адвокаттың қолында шілденің 1-нен 2-сіне қараған түні түсірілген марқұмның өліміне қатысты бейнетіркегіштің жазбасы бар.

Еске сала кетейік, Ақтауда 2 шілдеде су арнасынан 21 жастағы Валерия Шалнованың денесі табылған болатын. Ол қоян-қолтық ұрыспен кәсіби түрде жаттыққан. Ол көп жүлдеге ие болып, спорттық жарыстарға қатысқан.

Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша іс қозғап, кейін оны 119-бапқа «Қауіпті жағдайда қалдыруға» өзгертті. Кейін құқық қорғау органдары 21 жастағы спортшының өліміне қатысты бапты Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» деп өзгертті. Күдікті қамауға алынды.

Марқұмның туыстары басқа өңірдегі мамандардың көмегімен тәуелсіз сараптама жүргізуді талап етті.

18 шілдеде Ақтауда 21 жастағы спортшы Валерия Шалнова жерленді.