Әйелді балаларымен қоса өлтірген ер адам ұсталды

Дәурен Ерболат

Ол қылмысты жасыру үшін үйді өртеп жіберген

Фото: Telegram/policeofkz

Алматы облысында полиция әйелді балаларымен қоса өлтірген 41 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлады polisia.kz.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Алматы қаласының 1982 жылғы тұрғынын анықтады.

Дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы («Екі немесе одан да көп адамды өлтіру») және 99-бабы 3-бөлігі («Жас баланы өлтіру») бойынша тіркелді. Бүгінде барлық қажет сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облысының ПД басшысы Бауыржан Әленов.

Күдікті аудандық полиция бөліміндегі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, биыл 14 қыркүйекте кешкі сағат 23:24 шамасында Алматы облысы Іле аудандық полиция басқармасына Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен К. атты тұрғын мен оның 2 баласының денесі табылғаны туралы ақпарат түскен.

Күдікті қылмысты жасыру үшін үйді өртеп жіберген.