Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
Биыл қазан айында Қаржылық мониторингі агенттігі 1984 жылы туған Ақмола облысының тумасы Дастан Байтұрсынұлы Қайырбеков мемлекетаралық іздеу жариялады.
Дастан Қайырбеков ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағында (билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінді.
Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының экс-орынбасары Д.Қайырбеков ұсталып, қазір оған қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.