Қосымша ерекше оқытуды қажет ететін балаларға арналған
Алматыдағы ФМБ NIS оқушылары аутизм спектрінің бұзылуы бар адамдардың эмоционалды интеллектісінің дамуына ықпал ететін «Drive Beyond» қосымшасын әзірледі. Бұл қосымша қазірдің өзінде бірқатар білім беру орталығында сәтті қолданылып келеді. Әсіресе, 5 пен 13 жас аралығындағы балалар арасында айтарлықтай оң нәтижесін беріп жатыр.
«Drive Beyond» қосымшасы жеке тұлғаның бет әлпетін тани алатын бірегей жасанды интеллект.
Біздің қосымшамыз жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығын көрсететін мінсіз құрал. Әрбір адам осы технологияға қол жеткізуіне және өзінің эмоционалды дағдыларын дамытуға мүмкіндік алуына лайық деп санаймыз, - дейді 12-ші сынып оқушысы Әлихан Сырғалиев.
Оқушылар осы өнім арқасында алғашқы табыс тауып та үлгерді. Бүгінде қосымшаны бірқатар алматылық оңалту орталығы белсенді пайдаланү үстінде. Енді оқушылар емдеу орталықтары үшін диагностикалық мүмкіндіктерді енгізуді және оны басқа да оқу орындарында кеңінен қолдануды ұсынуды және жобаны одан әрі дамытуды жоспарлап отыр.