Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 16 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде жауын-шашын жауады. Республиканың оңтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында екпінді жел, орталығында – бұршақ, батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында – тұман күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.