Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде жоғалып кеткен 19 жастағы студенттің мәйіті табылды

Полицейлер сараптама тағайындап, себебін анықтап жатыр

 Халық үні 15.09.2023 | 20:45
Ақтөбеде жоғалып кеткен 19 жастағы студенттің мәйіті табылды
Фото: zello.poisk

Ақтөбеде жоғалған студенттің денесі көпірдің астынан табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

19 жастағы жігіт Ақтөбедегі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқыған.

Ақтөбе қаласында 2004 жылы туған жігітке іздеу жарияланып, еріктілер хабарлама таратты.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, осы жылдың 14 қыркүйегінде сағат 19:30-да Заречный ауылының қасындағы көпірдің астынан «Юрта» мейрамханасының жанынан 19 жастағы жігіттің мәйіті табылған.

Қазір Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер сараптама тағайындап, себебін анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама