Жетісу облысында жоғалған үш жасөспірімнің біреуі табылды
Полицейлер мен туыстары 8 қыркүйектен бастап іздеп жүрген кәмелетке толмаған Кенжебек Мұқан Алматыда табылды
Жетісу облысының полиция қызметкерлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімнің біреуін тапты, - деп хабарлайды polisia.kz.
Жедел іздестіру шаралары барысында Жетісу облысының полицейлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімнің біреуінің орналасқан жерін анықтады.
Полицейлер мен туыстары 8 қыркүйектен бастап іздеп жүрген кәмелетке толмаған Кенжебек Мұқан Алматыда табылды. Полиция жасөспірімді үйге жеткізіп, ата-анасына тапсырды.
Хабар-ошарсыз кеткен тағы екі жасөспірім – Ақерке Жолдасова мен Әмір Тергеуовке қатысты іздеу шаралары әлі де жалғасып жатыр.