×

Елжан Біртанов өзіне қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты

Экс-министр судьяға сенетінін айтты

фото: tengrinews.kz

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook желісіндегі парақшасында жазба жариялап, өзіне қолдау білдірген халыққа алғыс айтты.

«Қазір ғана Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Нұрсұлтан Әлкенов біздің қылмыстық істі тоқтату немесе прокурор мен тергеушілердің істі жүргізу кезінде жіберген заң бұзушылықтарын қайта қарау туралы өтінішімізді қабылдамау туралы қаулы шығарды», - деді Біртанов.

Ол сот отырысының 26 мамыр күні сағат 10.00-де басталатынын айтты. 

«Судья құқық бұзушылықтарды істі тыңдау барысында: іс материалына қосымша ақпаратты аудару және тарту, іс бойынша куәгерлерді шақыру және жауап алу, сондай-ақ сот барысы бойынша, іс материалдарымен бізді таныстыру арқылы жоятынын түсіндірді. Судья істі ұзаққа созудың және көптеген құқық бұзушылықтарды жою үшін қайтадан кері қайтарудың қажеті жоқ екенін айтты. Бұл судьяның өте дұрыс шешімі - өйткені  прокуратура өз олқылықтарын жойып, әділдікті қамтамасыз ететіндігіне ешқандай үміт қалмады. Одан да судья өзі жасасын! Мен оған сенемін!», - деп қосты ол.

Сондай ақ ол 20 айға созылған сотқа дейінгі тексеру барысында қолдау көрсеткендерге алғыс білдірді.

«Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз күннен-күнге артып келеді. Сотта біз осы «қылмыс» туралы көптеген қызықты және шынайы ақпаратты білетін боламыз. Сіздердің қолдауларыңыз мен және менің отбасым үшін өте маңызды. Мен және менің қорғаушыларым біздің жеңіске жететінімізге және соттың, мемлекеттің менің ешқандай қылмыс жасамағанымды мойындауына сенеміз! Үлкен рақмет! Біз біргеміз!», - деді Біртанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама