Тамызда 240 мыңнан аса қазақстандық жұмыс іздеген

Дәурен Ерболат

Олардың арасында мұғалімдер, жүргізушілер мен даяшылар бар

Фото: ult.kz

Қазақстанда бір жылда жұмыс іздеушілердің саны артқан, деп хабарлады hh.kz.

Биыл тамызда еліміз бойынша 240 мыңнан аса адам аталған сайттан жұмыс іздеген. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 227% көп. Ал осы жылдың шілдесіндегі көрсеткіштен 12% аз.

Тамызда жұмыс іздеушілер белсенділігінің төмендеуі студенттер мен оқушылар арасында жұмыс іздеу маусымының аяқталуымен байланысты, - деп жазылған хабарламада.

Тамызда мына мамандықтар бойынша жұмыс іздегендердің қатары көп болған:

  • Оқытушы
  • Мұғалім
  • Сату жөніндегі менеджер
  • Тұтынушылармен жұмыс жөніндегі менеджер
  • Сатушы-кеңесші
  • Сатушы-кассир
  • Жүргізуші
  • Әкімші
  • Бухгалтер
  • Инженер-конструктор
  • Инженер-жобалаушы
  • Бағдарламашы
  • Сатып алу жөніндегі менеджер
  • Даяшы
  • Бармен
  • Бариста

Айта кетейік, өткен айда бір бос жұмыс орнына бәсеке төмендеп, көрсеткіш 4,5 болды. Бұл бір бос жұмыс орнына 4-5 адамның үміткер болғанын көрсетеді.