Павлодарда қауіпсіздік үшін ерекше бейнекамералар орнатылып жатыр (ВИДЕО)
Енді полиция қылмыс жасауға бейім адамдарды анықтайтын болады
Павлодар қаласының кейбір сауда үйлерінде қауіпсіздіктің озық техникалық құралдары орнатылып жатыр.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Атриум сауда үйінде, SMАLL және GRENWICH супермаркеттер желісінде қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында адамның бетін тану функциясы бар бейнебақылау камералары орнатылды.
Бұл камералар полиция органдары іздеуде жүрген қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды, алиментті қасақана төлемейтіндерді, іздеуде жүрген адамдарды және басқа да күдікті адамдарды тануға мүмкіндік береді, – деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.
Енді полиция осы бейнекамералар арқылы қылмыс жасауға бейім адамдарды анықтайтын болады.