Біздің стартаптар түрік әріптестерімізге ұсынылды - Бағдат Мусин
Қазақ-түрік бірлескен венчурлық қор құру мәселесі қаралды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Түркияға сапарының нәтижелі болғанын айтты.
Біз IT-жобаларымызды (Cerebra, ApartX, JET, Parqour, iDosGames, Connected Home, OneVision, Logizi т.б.) түркиялық венчурлық қорлардың назарына ұсындық.
«Түркияда министрлік өкілдерімен ғана емес, Bilişim Vadisi компаниясында да жемісті кездесу өткіздік. Bilişim Vadisi - бұл 3 миллион шаршы метрді алып жатқан технопарк. Онда түрік әріптестер өздерінің IT-жобаларын көрсетті. Ал біздің стартаптар түрік әріптестеріміздің және венчурлік қорлар өкілдерінің назарына ұсынылды. Енді біздің стартаптардың түрік питч-сессияларына және акселерация бағдарламасына қатысуға мүмкіндігі бар», - деді ол.
Соынмен бірге ол сапар аясында қазақ-түрік стартаптарын дамыту мақсатында Қазақстан мен Түркияның бірлескен венчурлық қорын құру мәселесі де талқыланғанын атап өтті.
Қыркүйек айында біз дәстүрлі Digital Bridge форумында түрік IT-компанияларын күтеміз. Оларға нәтижелі кездесулер мен біздің стартаптарды тұрақты түрде қабылдауға ықылас танытқандары үшін алғыс білдіремін, - деді Мусин.