Halyq Uni логотип
×

Елімізге «Камызяки» келмейтін болды

«Курлы-мурлы» деп қазақ тілін келеке еткен ресейлік әртістердің концертіне рұқсат берілмеді

 Дастан Жұмабекұлы 14.09.2023 | 15:43
Елімізге «Камызяки» келмейтін болды
Фото: kz24.news

Елімізде Ресейдің «Камызяки» КВН командасының концерті өтпейтін болды. Бұл туралы концерттер мен корпоративтік кештерді ұйымдастырумен айналысып жатқан компаниялардың атынан Event agency агенттігінің продюсері Ольга Ли хабарлады.

«Камызякидің» концерті қазан айына жоспарланған еді. Концерттерді Астана мен Алматыда Event agency агенттігінен басқа Jam.kz пен Live Event продюсер орталығы ұйымдастыратын болған. Алайда көпшіліктің қарсылығына байланысты ресейлік әртістердің концерті өтпейтін болып шешілді.

Көпшіліктің «Камызяки» командасына наразылығын ескере отырып, ресейлік әртістердің концертін өткізбеуге шешім қабылдадық. Билеттерді сатып алу тоқтатылды. Сатып алынған билеттер қайтарылады. Билеттердің ақшасын қайтару үшін операторға хабарласыңыздар, – деді ол.

Жақында «Камызяки» командасының әртістері Азамат Мұсағалиев пен Денис Дорохов Украинаға барып, Донбасс өңірінің азат етілгенінің 80 жылдығына байланысты концерт берген болатын. Бұған Украина елі наразылық білдіріп, ресейліктерді елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін адамдардыің тізіміне енгізді. Қазақстан халқы да әртістердің Ресей әскерінің басқыншылық саясатын қолдайтынына наразылық білдіріп, концерттеріне тыйым салуды талап етіп, петиция жариялады. Енді міне, осы қарсылықтың арқасында елімізде ресейлік әртістердің концерттері өтпейтін болып шешілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама