Түркістан облысында дәретхана шұңқырына құлап кеткен 1 жастағы бала құтқарылды (ВИДЕО)
Құтқарушылар баланы тереңдігі 4 метрлік дәретхана шұңқырынан аман алып шыққан
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылдың 12 мамырында «112» қызметіне Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекеніндегі үйлердің бірінде тереңдігі 4 метрлік дәретхана шұңқырына 2021 жылғы туылған бала құлап кеткені туралы хабарлама түсті.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД-ның 5 құтқарушысы, медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері және полиция департаментінің 2 қызметкері жұмылдырылды, – деп мәлімдеді Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар сағат 15:03-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқанының көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді.
Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты.