Ол лауазымды адамға пара бермек болған
Ақтөбе облысында шетелдіктерді шекарадан заңсыз өткізбек болған қазақстандық тергеліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ұлттық қаіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қыркүйекте Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдері заңсыз көші-қон арнасының жолын кескен. Қазақстандық азамат осы арнаның жұмыс істеуіне жалпы қамқорлық жасағаны үшін лауазымды адамға пара берді деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстады.
Алдын ала мәліметтер бойынша бұл арна шетелдік жұмысшыларды республикадағы еңбек қызметіне тиісті рұқсатсыз тарту үшін пайдаланылған. Пара ретінде 400 мың теңге көлемінде қаражат тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігі («Айтарлықтай мөлшерде жасалған пара беру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.