×

Қазақстан әскери ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығармақ

Өндірісті жолға қою үшін түрік компанияларымен келіссөз жүргізіліп жатыр

 Дәурен Ерболат 14.09.2023 | 13:25
Фото: Sputnik / Виталий Тимкив

Бүгінде әскери ұшқышсыз ұшу аппараттарының санын арттыру маңызды. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Соңғы қарулы қақтығыстарды талдау барысында ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын қолданудың маңызды екені анықталды. Біз мұны түсінеміз және тиісті шараларды қабылдаймыз. Бүгінде (оларды) сатып аламыз және дамытамыз. Бізде қолданыста Израиль, Қытай шығарған ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары бар, - деді Сұлтан Қамалетдинов Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Вице-министрдің пікірінше, бүгінде елімізде әскери ұшқышсыз ұшу аппараттары өндірісін қолға алу маңызды.

«Түрік компанияларымен бірлескен кәсіпорын құру үшін жұмыс жүріп жатыр. Менің ойымша, бұған қатысты тиісті мемлекеттік орган нақты түсінік беруі керек.

Қазір біз ұшқышсыз ұшу аппараттары бойынша  сынақтар жүргізіп жатырмыз. Ұшқышсыз ұшу аппараттары шығын материалы болып саналады. Снаряд, зымыран сияқты. Сондықтан олардың саны артуы керек, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама