Halyq Uni логотип
×

Боксшы Римма Волосенко Ислам дінін қабылдады (ВИДЕО)

Лә иләһә илаллаһ Мұһаммәдүр расулуллаһ, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 14.09.2023 | 11:10
Боксшы Римма Волосенко Ислам дінін қабылдады (ВИДЕО)
Фото: prosports.kz

Жақында боксшы Римма Волосенко Ислам дінін қабылдады.

Әлем чемпионатынан кейін журналистердің бірі: «Қай дінге сенесіз?» деген сұрақ қойған еді. Енді сол сұраққа тағы жауап берсем, мен мына нәрсені айтар едім. Құдай – бәрімізге жалғыз. Жаратушы – жалғыз. Мен осыны білгім келіп, жеке жаттықтырушымнан: «Неге мені Ислам діні өзіне тартады?» – деп сұрағанымда, ол: «Римма, бұл енді сенің жеке көзқарасың болу керек. Егер сен Ислам дінін қабылдағың келсе, мен ештеңе дей алмаймын. Сенің ата-анаң да, ешкім де ештеңе айта алмайды», - деді. Жарыс кезінде Ислам діні маған жақын екенін сезінетінмін. Ислам діні мені өзінің тазалығымен тартты. Ішкі дүниеңдегі тазалық қана емес, таза жүру, әр нәрсені таза ұстау сияқты кәдімгі күнделікті өмірдегі тазалықты сақтау керек деген ұстанымымен ұнады. Маған дұға айту, дұға оқу, дәрет алу сияқты діндегі тазалану түрі жақын екенін білдім. Сондықтан мен Лә иләһә илаллаһ Мұһаммәдүр расулуллаһ деп айтамын. Яғни, Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед – (с.а.с) Алланың елшісі. Мен осылай жанкүйерлердің сұрақтарына жауап бергім келеді, – деді ол өзінің мұсылман болғаны туралы.

Римма Волосенко 1992 жылы Қостанай облысында туған. Жеке жаттықтырушысы – Берік Мыржықбаев, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың туған ағасы.

Боксшы шаршы алаңға 60 келі салмақта шығып жүр. Ол – мұнайлы елдер арасында өткен Әлем кубогының иегері, Азия чемпионы, Қазақстан чемпионы.

Енді жақын арада боксшы әйелдер құрамасы сапында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына қатысады. XIX Жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама