×

БҰҰ Украинадағы соғыста қаза тапқан адамдардың санын жариялады

Қаза тапқандар саны 3496 адам

 Дастан Жұмабекұлы 12.05.2022 | 17:50
фото: ашық дереккөз

БҰҰ адам құқығы жөніндегі Басқармасы Жоғары комиссарының мәліметіне қарағанда, Украинаның 7256 қарапайым азаматы соғыстан зардап шеккен. 3496 адам қаза тауып, 3760 адам жараланған.

Жынысы және жасы анықталған - қаза тапқандар саны 2000-нан асқан. Соның ішінде 1268 ер адам, 821 әйел, 76 қыз және 93 ұл бала. Сонымен бірге жынысы анықталмаған 69 сәби және 1169 жасөспіріп қаза тапқан.

537 ер адам, 407 әйел, 87 қыз және 94 ұл бала жараланған. Жынысы анықталмаған 167 бала және 2468 жасөспірім жарақат алған.

Ескерту: бұл дерек Украинаның беріп отырған мәліметімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Тағы бір атап өтетін нәрсе, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинадағы соғысты тез арада тоқтатуға және болашақта бейбіт келіссөздер жүргізуге мүмкіндік жоқ екенін атап өтті. Бұл туралы ол Австрияның астанасы Вена қаласында  БҰҰ ішкі конференциясының ашылу салтанаты кезінде айтты.

Отырыста Гутерриш Ресей мен Украина арасындағы диалогқа ықпал етуге қолда бар мүмкіндікті пайдаланып тырысып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, БҰҰ гуманитарлық мәселелермен айналысуда. Бейбіт халықты Мариуполь қаласынан көшіруге ерекше назар аударып жатыр. Қазірдің өзінде Қызыл крестің көмегімен жүздеген адам көшірілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Бензема жаңа клубты таңдады

«Әл-Иттихад» футболшыға 2 жылға келісімшарт ұсынып, 200 млн еуро санап береміз деп отыр
05.06.2023 | 17:23

Павлодар облысында алаяққа сенген зейнеткер 13 млн теңгесінен айырылды

Жыл басынан бері 9 павлодарлық осындай схема бойынша алданған
05.06.2023 | 16:55