Қазақстанда қылмыс көрсеткіші 15,2% төмендеді

Динара Амантай

Прокурорлар 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты

Фото: Halyq Uni

Қазақстанда қылмыстың 15,2%-ға төмендеуі байқалып отыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бас прокуратураның мәліметінше, (116 мың 101 – 98 мың 454), оның ішінде 4,1% (1 мың 693 – 1 мың 624) аса ауыр қылмыстар; 16,5% (31 мың 128 – 25 мың 990) ауыр қылмыстар; 17,9% (49 мың 762 – 40 мың 857) ауырлығы орташа қылмыстар; 9,8% (17 мың 514 – 15 мың 793) онша ауыр емес қылмыстар жасалған.

Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты. Прокурорлар 671 адамды қызметтік үй-жайлар мен изоляторлардан босатты. Азаматтардың конституциялық құқығын бұзу саны 14% қысқарды. 9 азамат прокурорлар актісімен ақталды.