Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамаларды
Сәрсенбі, 13 қыркүйекте Алматы облысындағы Қырбалтабай ауылында оқыс оқиға болды. Үш жасар бала септикке құлап көз жұмды, деп хабарлады облыстық ПД бастығы Бауыржан Әленов Instagram-дағы ресми парақшасында.
Алматы облысы ПД басшысының хабарлауынша, 13 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасына Қырбалтабай ауылындағы балабақшаның бірінің аумағында ашық кәріз құдығына құлағаннан кейін ауылдық ауруханада 3 жасар баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған дерек ҚК 141-бабының 2-бөлігі бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) полицияда тіркелді.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Мен тергеу барысын жеке бақылауыма алдым», - деді облыстық ПД басшысы Бауыржан Аленов.
ПД басшысы ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.