Жаңбыр, қар жауады: 14 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды
Оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 14 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай болады, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша екпінді жел, түнде және таңертең – тұман, орталығында бұршақ күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі, батыста, оңтүстікте - жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.