Нұрсұлтан Назарбаев пен оның қызын сотқа берді

Халық үні

Жазушы Ержан Орымбетов Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның кенже қызы Әлия Назарбаеваны авторлық құқықты бұзды деп айыптап, 50 млн теңге талап етті

Фото: trendsmap.com

Жазушы Ержан Орымбетов Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның кенже қызы Әлия Назарбаеваны авторлық құқықты бұзды деп айыптап, 50 млн теңге талап етті, деп хабарлады orda.kz.

Орымбетов Алматы қалалық сотына шағым түсірген. Бұған 2019 жылы жарыққа шыққан «Томирис» фильмі себеп болған.

Ол фильм желісі өзінің «Томирис» атты кітабына ұқсайтынын, 50 шақты тұсы көшіріп алынғанын айтады. Сондай-ақ, оның сөзінше, 2013 жылы фильм түсіру идеясын Назарбаев пен мәдениет министрлігіне ұсынған. Бірақ ол кезде фильм түсірілімі қолдау таппаған.

Орымбетов осыған дейін де плагиат туралы айтып, фильм түсірушілерді айыптаған еді. Мәдениет министрлігі мұны жоққа шығарған.