Halyq Uni логотип
×

«Жаңбыр, қар жауады»: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

«Қазгидромет» РМК 14-16 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

 Халық үні 13.09.2023 | 20:48
«Жаңбыр, қар жауады»: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: kotlovka.mos.ru

«Қазгидромет» РМК 14-16 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Үш күнде республиканың басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрады, жаңбыр жауады.

Бүкіл кезең бойы – шығыста, 14-15 қыркүйекте – солтүстікте, 15-16 қыркүйекте – батыста, 16 қыркүйекте – еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Үш күн бойы республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жауын-шашын болады. Жаңбыр мен қар жауады деп болжанып отыр.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 3-10, күндіз 13-20, оңтүстік жартысында түнде 7-15, күндіз 18-25 градус жылы болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама