Halyq Uni логотип
×

Астанада Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

16-17 қыркүйек күндері Астана қаласының 25 жылдық мерейтойына орай Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

 Халық үні 13.09.2023 | 20:30
Астанада Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

16-17 қыркүйек күндері Астана қаласының 25 жылдық мерейтойына орай Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

85 жылдық тарихы бар Сыр елінің толағай тартуы елорда тұрғындарына ұсынылады.

Жәрмеңкеде Қызылорда облысының шаруалары мен дихандары 450 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтағыдан төмен бағада сатады.

Атап айтқанда, 130 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет және 30 тоннаға жуық балық өнімдері, 30 тоннадай көкөніс пен жеміс-жидектер, 230 тонна бақша өнімдері, 3 тонна ас тұзы, 10 тоннадай сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық сөк, талқан және кондитер өнімдері жеткізіледі.

Сонымен қатар, Сыр Елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады

Жәрмеңке сағат 9:00-19:00 аралығында Тәуелсіздік даңғылы № 50, «ҚАЗНУИ» Қазақ ұлттық өнер университеті алдындағы алаңда өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама