Halyq Uni логотип
×

Қазақстан алғаш рет Дүниежүзілік оқушылар гимназиадасына қатысады

Ел намысын дүниежүзілік додада 234 оқушы қорғайды

 Дастан Жұмабекұлы 12.05.2022 | 17:05
Қазақстан алғаш рет Дүниежүзілік оқушылар гимназиадасына қатысады
Фото: gov.kz

Биылғы оқушылар арасындағы Дүниежүзілік гимназиада Францияның Нормандия аймағында 14-22 мамыр аралығында өтеді. Оған әлемнің 70 елінен 16-18 жас аралығындағы 3,5 мыңнан астам оқушы қатысады.

Бұл дүниежүзілік додаға Қазақстан алғаш рет қатысқалы отыр. Ел намысын халықаралық жарыстарда 234 оқушы қорғайды. Олар спорттың 18 түрінен бақ сынасады.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, Балалар жылы жас спортшыларымыз үшін осындай маңызды оқиғамен ерекшеленіп отыр. Ұлттық құрама 296 адамнан тұрады. Қазақстан делегациясына 234 спортшы, 49 жаттықтырушы, 9 төреші мен  4 штаб мүшесі кіріп отыр.

Біз спорттың 18 түрінен жарыстарға қатысамыз. Оқушыларымыз барынша көп медаль алуға тырысады. Біз спорт түрлері бойынша мектеп лигаларын дамытамыз. Балалар ол жарыстарға қуана қатысады. Оқушылардың спортқа жаппай қатысуы – біздің басты міндетіміз, – деп атап өтті министрліктің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығының директоры Сағдат Садықов.

Қазақстандық оқушылар бадминтон, баскетбол, бокс, еркін күрес, әйелдер күресі, грек-рим күресі, дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, спорттық бағдарлау, жүзу, жағажай волейболы, регби, спорттық гимнастика, садақ ату, таеквондо, семсерлесу, көркем гимнастикадан күш сынасады.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама