Halyq Uni логотип
×

Күріш бір жылда 51,1% қымбаттаған

Жыл басынан бері ұн, тауық еті және жұмыртқа арзандаған

 Дәурен Ерболат 13.09.2023 | 10:55
Күріш бір жылда 51,1% қымбаттаған
Фото: opennews.kz

Биыл 5 қыркүйекке дейін 19 түрлі тауардың бағасы орта есеппен 3,4% өскен, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, оның ішінде қырықққабаттың бағасы 68,7%, күріш 34,6%, сәбіз 34,2%, айран 11,9%, сүт 11,1%, сары май 10,3%, ірімшік 7,3%, пияз 7,2%, сиыр еті 7%, макарон 6,8%, картоп 4,9%, тұз 3,3%, нан 2,2% өскен. Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жататын 6 тауар арзандаған: тауық еті (-1,8%), жұмыртқа (-4,3%), ұн (-6,7%), қант (-10,3%), күнбағыс майы (-14,5%), қарақұмық (-35%).

Жыл басынан бері қырыққабат бағасы әсіресе Жезқазғанда (7,8%) қатты өскен, ал күріш бағасы Астанада (7,2%) артқан.

Ведомство күріш бағасының кейінгі 5 жылда қандай динамикамен өскеніне талдау жүргізген. Қазір бір келі күріштің бағасы – 467 теңге. Жыл басынан бері өнімнің бағасы 34,6%, бір аптада 1,1% өскен.

2022 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда, күріш 51,1% қымбаттаған.

Күріш ең қымбат өңірлер: Ақтөбе облысы (1 келісі – 564 теңге), Ұлытау облысы (555 теңге), Алматы облысы (536 теңге).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама