Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында арықтан қару-жарақ табылды

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 13.09.2023 | 10:00
Жетісу облысында арықтан қару-жарақ табылды
Фото: polisia.kz

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №14 мекеме қызметкерлерінің жедел ақпараты бойынша «Қару» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында қару-жарақ орналасқан жер анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бөлшектелген күйде Beretta аңшылық тегіс ұңғылы мылтығы, Калашников автоматына арналған ішінде патрондары бар оқжатар және қара түсті брондалған кеудеше Жетісу облысының Сарқан ауданындағы Лепсі кентінің жол айрығының жанындағы арықтан табылды.

Бұл факті Жетісу облысы ПД Сарқан қалалық полиция бөлімінде тіркелген. ҚР ҚК-нің 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баллистикалық сараптама тағайындалды, – деді мекеме бастығы Ұлан Арғынбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚАЖ №14 мекемесінің қызметкерлері 4 қару орнын анықтаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама