Halyq Uni логотип
×

Алматыда автобус 2 адамды қағып кетті (ВИДЕО)

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 13.09.2023 | 09:05
Алматыда автобус 2 адамды қағып кетті (ВИДЕО)
Фото: alatransit.kz

Алматыда автобус 2 жаяу жүргіншіні қағып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Көлік апаты 9 қыркүйекте таңғы сағат 09:05 шамасында болды.

Автобус жүргізушісі Абай даңғылымен батыс бағытта, Саин көшесінен батысқа қарай келе жатып, жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті. Салдарынан 1958 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Екінші жаяу жүргінші – 66 жастағы әйел қаладағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді,- деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісі реестрінде тіркеліп, сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама