Halyq Uni логотип
×

Шымкентте көпқабатты үйдің подъезінен ер адамның мәйіті табылды

Бірнеше соққыдан кейін жәбірленуші мерт болған

 Халық үні 13.09.2023 | 08:19
Шымкентте көпқабатты үйдің подъезінен ер адамның мәйіті табылды
фото: pixabay.com

Шымкентте Темірлан тасжолындағы №43/А көпқабатты үйдің подъезінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Otyrar.kz. 

Тұрғындар 35 жастағы ер адамның мәйітін 12 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында тауып алып, кейін полицияға хабар берген.

Бұған қатысты 31 жастағы күдікті ұсталды. Екі ер адам подъезде кездескен. Екеуі бір әйелдің пәтеріне қарай бет алған. Кейін жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан. Бірнеше соққыдан кейін жәбірленуші мерт болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Нақты жазаны сот тағайындайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама