Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

Халық үні

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Фото: akorda.kz

Белгілі журналист Берік Уәли президенттің кеңесшісі және баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

«Берік Уәли 1997 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын «Журналистика», 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

1997-2012 жылдары – «Хабар» агенттігінің, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің журналисі, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі.

2018-2019 жылдары – Қазақстан ұлттық арнасының «1-студия» саяси ток-шоуының жетекшісі әрі жүргізушісі.

2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2016-2018 жылдары – Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы.

2019-2022 жылдары Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болған.

2022 жылғы наурыздан бүгінге дейін «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды.