Кедейлік қаупіне отбасы мүшелерінің саны қатты әсер етеді – статбюро
Ең төменгі күнкөріс деңгейі айына 47 884 теңге болды
Биыл екінші тоқсанда Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 5,1% болды, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы
Кедейліктің тереңдігі мен өткірлігі көрсеткіштері – 1% және 0,3% деңгейінде.
Қалалық және ауылдық жерде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесін айтарлықтай үлкен айырмашылық әлі де сақталып отыр.
Мәселен, есепті кезеңде ауылдық жердегі көрсеткіштің мәні қалалық жердегі көрсеткіштің мәнінен (3,9%) 3,3 п.т. асып түсіп 7,2% болды.
Кедейлік қаупіне отбасы мүшелерінің саны қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2023 жылғы екінші тоқсанның қорытындысы бойынша 9,2% болды. Бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есе жоғары.
Биыл екінші тоқсанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі айына орта есеппен 47 884 теңге болды.