Еліміздің басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады
«Қазгидромет» РМК 13-15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
13 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысына тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оның екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Петропавл қаласында солтүстік-шығыстан жел күшейіп, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Ертең Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнайды деген болжам бар. Түнде және таңертең облыстың солтүстігіне, батысына тұман түсуі мүмкін.
13-15 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа жел соғып, оның күші 15-20 м/с болады. Бұл күндері облыстың басым бөлігінде және Шымкент қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ертең Астанада найзағай ойнауы мүмкін.
13 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында оның күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде және таңертең Көкшетау қаласында найзағай ойнайды.
13 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында найзағай соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Ертең облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында найзағай ойнайды.
Ертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігіне, шығысына тұман түседі. 13 қыркүйекте облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында өрт қаупі сақталады.
13 қыркүйекте Атырау қаласында күндіз найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі. Ертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Өңірдің батысында оңтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында өрт қаупі сақталады. Орал қаласында төтенше өрт қаупі сақталып отыр.
13 қыркүйекте Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ертең Жамбыл облысының таулы аудандарында, 14 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады.
13-14 қыркүйекте облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Осы күндері облыста және Тараз қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.
13 қыркүйекте түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде және Ақтөбе қаласында тұман түседі.