16 мамырда Мәскеуде ҰҚШҰ саммиті өтеді

Динара Амантай

Жиынға Ресей президенті Владимир Путин қатысатын болды

Фото: t.me/aqorda_resmi

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков дүйсенбі күні Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) саммиті өтеді деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

16 мамырда ҰҚШҰ-ның 30 жылдығына орай Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің саммиті өтеді. Бұл жиын басшылардың кездесуі түрінде де, жұмыс бабындағы таңғы ас форматындағы жеке кездесуі түрінде де өтеді. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша журналистерге Зась (ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась – ред. Xalyq Uni) және Пашинян (Қазір ҰҚШҰ-ға төрағалық ететін Армения үкіметінің басшысы Никол Пашинян – ред. Xalyq Uni) ақпарат береді деп күтеміз, –деп мәлімдеді Песков.

Еске сала кетсек, 10 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылған Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты. Онлайн-саммит бір минут үнсіздікпен басталып, оған Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь президенттері, Армения, Қырғыз Республикасының премьер-министрлері және ҰҚШҰ Бас хатшысы қатысты.