16 мамырда Мәскеуде ҰҚШҰ саммиті өтеді
Жиынға Ресей президенті Владимир Путин қатысатын болды
РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков дүйсенбі күні Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) саммиті өтеді деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
16 мамырда ҰҚШҰ-ның 30 жылдығына орай Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің саммиті өтеді. Бұл жиын басшылардың кездесуі түрінде де, жұмыс бабындағы таңғы ас форматындағы жеке кездесуі түрінде де өтеді. Осы іс-шараның қорытындысы бойынша журналистерге Зась (ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась – ред. Xalyq Uni) және Пашинян (Қазір ҰҚШҰ-ға төрағалық ететін Армения үкіметінің басшысы Никол Пашинян – ред. Xalyq Uni) ақпарат береді деп күтеміз, –деп мәлімдеді Песков.
Еске сала кетсек, 10 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылған Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты. Онлайн-саммит бір минут үнсіздікпен басталып, оған Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь президенттері, Армения, Қырғыз Республикасының премьер-министрлері және ҰҚШҰ Бас хатшысы қатысты.