×

Астанаға Ресей мен Беларусь премьер-министрлері келеді

Іс-шараға шетелдік компанияның өкілдері де қатысады

 Дәурен Ерболат 12.09.2023 | 13:41
Фото: Sputnik

Елордаға Ресей мен Беларусь премьер-министрлері келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, 25-27 қыркүйек аралығында Астанадағы ЭКСПО аумағында «Иннопром Қазақстан-2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді. Мақсат – өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, инвестиция тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және жаһандық тәжірибе алмасу.

Көрмеде Қазақстанның, Ресейдің негізгі өнеркәсіптік компаниялары, сондай-ақ Армения, Беларусь, Пәкістан, Түркия, Иран, Әзербайжанның ұлттық экспозициялары ұсынылады. Іс-шараға Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин мен Беларусь премьер-министрі Роман Головченко қатысады деп жоспарланған, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама