Halyq Uni логотип
×

XIX Азия ойындары: Бокс федерациясы жүлдегерлерге сыйақы береді (ВИДЕО)

Алтын медаль алған спортшыға 50 мың АҚШ доллары тапсырылады

 Дастан Жұмабекұлы 12.09.2023 | 11:45
XIX Азия ойындары: Бокс федерациясы жүлдегерлерге сыйақы береді (ВИДЕО)
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарында жүлде алған әйелдер құрамасына сыйақы тапсыратынын айтты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.

Бүгін бас жаттықтырушы Шамиль Сафиулин бастаған бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқылардың бірі болып Қытайға аттанды. Ханчжоудағы Жазғы Азия ойындары қарсаңында ұлттық құрама жергілікті және Тәжікстан боксшыларымен біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев әуежайға арнайы келіп, ұлттық құрама мүшелерін шығарып салды. Басты мақсат – қазақ боксының үздік екенін тағы бір мәрте көрсетіп, медальдар мен Париж-2024 Олимпиадасының лицензияларын иелену. Сонымен қатар, ҚБФ президентінің жеке қаражатынан сыйақылар беру дәстүрі жалғаса беретіні белгілі болды.

Чемпиондар алтын медаль үшін 50 мың АҚШ долларын, күміс жүлдегерлер 30 мың АҚШ долларын, қола медаль үшін 10 мың АҚШ долларын алады.

Қытай шаршы алаңында ел намысын қорғайтын боксшылар:

  • 50 кг: Назым Қызайбай
  • 54 кг: Жайна Шекербекова
  • 57 кг: Карина Ибрагимова
  • 60 кг: Римма Волосенко
  • 66 кг: Наталья Богданова
  • 75 кг: Валентина Хальзова

XIX Жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Қазақстан құрамасынан 500-ден астам спортшы спорттың 33 түрінен сынға түседі. Тарихта алғаш рет Азия ойындарында Олимпиада лицензиялары сарапқа салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама