Halyq Uni логотип
×

Атырау облысында бірнеше мекеме жұмысшыларына тиісті төлемдер аударылмаған

Прокуратура 900-ден аса адамның құқығын қорғады

 Динара Амантай 12.09.2023 | 11:35
Атырау облысында бірнеше мекеме жұмысшыларына тиісті төлемдер аударылмаған
Фото: Halyq Uni

Жылыой ауданының прокуратурасы аудан аумағында жұмысшылардың еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Батыс Тех Инвест» ЖШС-нің жұмысшыларына еңбекақыларын төлемеу, сондай-ақ «ЖылыойСу» МКК-мен Теңіз кен орнында «ИнтерТаско» ЖШС-нің жұмысшыларға зейнетақы және әлеуметтік аударымдарының жүргізілмеу жағдайлары анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актілері негізінде 180 жұмысшының 32 млн теңге көлеміндегі еңбекақылары және 744 жұмысшының 48 млн теңге көлеміндегі зейнетақы және әлеуметтік аударымдары өндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама